Аудан мектептерінің оқушылары үшін экскурсия
2025 жылғы 29 мамырда Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның ТЖБ-нің №16 өрт сөндіру бөлімшесінің аумағында Халықаралық балаларды қорғау күніне орай аудан мектептерінің оқушылары үшін экскурсия өткізіліп, өрт сөндіру техникасы мен жабдықтарының көрсетілімі ұйымдастырылды.
2024-2025 оқу жылының №5 педагогикалық кеңесІ
Новоишим қазақ орта мектебінде 2024-2025 оқу жылының №5 педагогикалық кеңесі жаңа форматта ұйымдастырылды. Бірінші кезеңде әр әдістемелік бірлестіктері музыкалық сәлемдеме жолдап, «Оқу жылындағы оқушы мен мұғалім жетістігі» деген тақырыпта постер қорғап шықты. Жыл бойы еңбек еткен ұстаздардың жұмыстары сараланып, мектепішілік рейтинг бойынша ұстаздардың жетістіктері таныстырылды. Мектеп директоры Балжан Шариповна әр әдістемелік бірлестік жұмысын бағалап, марапаттады.
Педкеңестің екінші кезеңінде оқу жылының білім сапасы талқыланды. Оқушылардың оқу сапасын жақсартуды көздеген педагогикалық кеңесте бірнеше тақырыптағы өзекті мәселелер көтерілді.
Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1. IV тоқсан, жылдық қорытынды бойынша білім алушылардың үлгерімі мен білім сапасының талдауы.
2.Қазақ тілі пәні бойынша емтихан қорытындысы
3. Оқу жылын аяқтау,1-8,10 оқушылар сыныптан – сыныпқа көшіру. Мақтау қағаздарымен марапаттау.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, оқу жылының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың есебі тыңдалды.
Қазақ тілі пәнінен аралық емтихан

5–8, 10 сыныптар 26-28 мамыр аралығында қазақ тілі пәнінен аралық бақылау емтиханын сәтті тапсырды!

👏 Оқушыларымыз өз білімдерін, тілдік дағдыларын, мәтінмен жұмыс істеу қабілеттерін жақсы деңгейде көрсете білді.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер және басқа да интернет-сервистерді пайдаланушы балаларға арналған ұсыныстар

Рекомендации

для детей, пользователей социальных сетей и мессенджеров

и других интернет-сервисов

Для того, чтобы не стать жертвой злоумышленников, которых очень много в социальных сетях, мессенджерах и вообще в сети «Интернет» детям необходимо помнить следующие простые правила:

- ни в коем случае не сообщать свои персональные данные, а также данные своих родителей, родственников, друзей (т.е. фамилию, имя, отчество, дату рождения, адрес проживания, место учебы, телефон, фотографии и т.д.) другим пользователям сети, пусть даже эти пользователи состоят у вас в списках друзей;

- нужно помнить, что пользователи Интернет-сайтов и социальных сетей могут использовать вымышленные данные, в том числе фотографии других людей, или даже детей;

- не нужно боятся угроз со стороны интернет-пользователей, на самом деле они ничего не смогут сделать ни Вам лично, ни Вашим близким. Обычно они пугают детей, чтобы получить над ними контроль. При первой же угрозе нужно сразу же рассказать об этом родителям, брату, сестре, учителю и т.д., не надо этого стесняться;

- ни в коем случае не выполняйте приказы или указания других пользователей социальных сетей, мессенджеров и других Интернет-ресурсов.

Самое простое-заблокируйте их страницы. Не принимайте дружбу от неизвестных Вам лиц в социальных сетях, мессенджерах и других онлайн сервисов.

- не устанавливайте себе приложения для удаленного доступа. Прежде чем что-либо установить, почитайте об этом в Интернете, для чего это приложение и т.д.

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлер және басқа да

интернет-сервистерді пайдаланушы балаларға арналған ұсыныстар

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде, жалпы «Интернет» желісінде көп тараған құқық бұзушылардың құрбаны болмауы үшін балалар мына қарапайым ережелерді есте сақтауы керек:

- ешбір жағдайда өз дербес деректеріңізді, сондай-ақ ата- аналарынның, туыстарынның, достарынның деректерін (яғни, тегі, аты, әкесінің атын, туған күнін, тұрғылықты мекенжайын, оқу орнын, телефонын, фотосуреттерін және т. б.) желінің басқа пайдаланушыларына, бұл пайдаланушылар сіздің достарыңыздың тізімінде болса да хабарлауға болмайды;

- Интернет-сайттар мен әлеуметтік желілер пайдаланушылары ойдан шығарылған, оның ішінде басқа адамдардың суреттерін немесе балалардың деректерін пайдалана алатынын есте сақтау керек;

- интернет қолданушылары тарапынан түскен қауіп-қатерден қорқудың қажеті жоқ, шындығында олар жеке сізге де, сіздің жақындарыңызға да ештеңе істей алмайды. Әдетте олар балаларды қорқытады, яғни оларды бақылауға алу үшін. Бірінші қауіп төнген кезде бұл туралы ата анаңызға, ағаңызға, әпкеңізге, мұғалімге және т. б., дереу айтуыңыз керек, одан ұялуға болмайды.

- ешбір жағдайда әлеуметтік желі, мессенджерлер және басқа Интернет-ресурстардың басқа пайдаланушыларының бұйрықтарын немесе нұсқауларын орындамаңыз. Ең қарапайым нәрсе – олардың парақшаларын бұғаттау. Әлеуметтік желілерде, мессенджерлер және басқа да онлайн сервистерде белгісіз адамдардан түсетін достықты қабылдамаңыз.

- өзіңізге қашықтан қолжеткізуге арналған бағдарламаларды орнатпаңыз. Оларды орнатпас бұрын, бұл туралы Интернеттен оқыңыз, бұл қосымша не үшін арналған және т. б.

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ—де ата- аналар жиналысы
#Біртұтас_тәрбие
#Атааналаржиналысы
2025 жылдың 22 мамыр күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ—де ата- аналар жиналысы өтті. Күн
тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1.2024-2025 оқу жылының 4 тоқсан бойынша оқу-тәрбие жетістіктері.
2. Жазғы қауіпсіздік ережелері:
- Балалардың судағы қауіпсіздігі
- Балаларды терезеден құлап кетуден қорғау
- Интернет қауіпсіздігі, жол қауіпсіздігі; өрт қауіпсіздігі;
- Келесі оқу жылына арналған мектеп формасы
3.Жазғы демалысты ұйымдастыру.
4. Қорытынды аттестаттау туралы. Bilim class бонустық жүйесі.
5.ҚР ЖК 14.01.2016 № 26 бұйрығының талаптарын орындау
6. Әр түрлі сұрақтар
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберіңде
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы шеңберіңде КММ “Новоишим қазақ орта мектебінің” оқушылары шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың азаматтық ұстанымын қалыптастыру және туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында эссе байқауына қатысты. Бұл шара оқушыларды өз ойларын еркін жеткізуге, сыни тұрғыдан ойлауға және қоғам өміріне белсене араласуға баулыды.

Байқау аясында әр сынып деңгейіне сәйкес тақырыптар белгіленді.
1–4 сынып оқушылары «Таза Қазақстан» тақырыбында өз туған өлкесінің табиғатын қорғау, тазалықты сақтау туралы жүрекжарды ойларымен бөлісті.
5–9 сынып оқушылары «Заң және тәртіп» тақырыбы аясында қоғамдағы құқықтық сауаттылық пен тәртіптің маңыздылығын өз көзқарастары арқылы ашуға тырысты.
10–11 сынып оқушылары үшін «Адал азамат» тақырыбы ұсынылып, олар адалдық, адамгершілік және елге деген жанашырлық жайлы терең толғады.

Бұл байқау жас ұрпақтың елжандылық сезімін нығайтып, әділдік пен адалдыққа деген сенімін арттыра түсті. Оқушылардың шығармаларында олардың болашаққа деген сенімі, қоршаған ортаға деген жауапкершілігі мен патриоттық рухы анық байқалды.
Дене дамуы және салауатты өмір салты

"Қарлығаш"

"Қауіпсіздік" жобасы

Мектеп жанындағы лагерь "Қарлығаш"

«Айбын–2025»
22–25 сәуір аралығында өткен «Айбын–2025» алғашқы әскери-технологиялық даярлық бойынша халықаралық жарыстың облыстық кезеңінде ауданымыздың намысын қорғаған Червонное орта мектебі, №1 Новоишим орта мектебі, Рузаевка орта мектебі, Ломоносов орта мектебі, Урожайное орта мектебі және Новоишим қазақ орта мектебінің түлегі, 11"а"сынып оқушысы Жылқайдар Шыңғыс/ жетекшісі АӘДТ педагог- ұйымдастырушы Еслямов Р.Е. /құрама командасында жүлделі 2-орынды иеленді!
Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың бойында патриоттық рухты қалыптастыруға, ел тарихына деген құрметті арттыруға үлкен үлес қосады.
"Жас құтқарушылар" сайысы
2025 жылдың 25 күні Ғ.Мүсірепов атындағы "Төтенше жағдайлар бөлімінің" ұйымдастыруымен аудандық "Жас құтқарушылар" сайысы өтті. Мақсаты: жас құтқарушылар арасында бұқаралық құтқарушылар жұмыстарын жандандыру, өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тəрбиелеу, құтқару әдіс-тəсілдері арқылы салауатты өмір салтының дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ балалар мен жастарды өрт-құтқару спортымен шұғылдануға тарту, жасөспірімдерді əскери-патриоттық негізде тəрбиелеу болып табылады. Нәтижесінде Новоишим қазақ орта мектебінің 8-10 сыныптардан құралған "Жас қырандар" тобы 1- ші орынды иеленді.
Жүлдегерлер бастық, азаматтық қорғау подполковнигі Мукашев С.Е.атынан мадақтамамен және кубоктармен марапатталды.

ЖАРАЙСЫҢДАР, ЖАС ҚҰТҚАРУШЫЛАР! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!