Образование
12.10.2026
«Қазыналы қарияларымыз аман болсын»
“Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі” КММ.
«ҚАЗЫНАЛЫ ҚАРИЯЛАРЫМЫЗ АМАН БОЛСЫН»
Қариясы бар елдің қазынасы бар. Ұрпақ тәрбиесінде ақыл-кеңесімен бағыт беріп, өнегелі өмір жолымен үлгі болатын ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелеріміздің орны ерекше.
Мектебімізде өскелең ұрпаққа үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында «Қазыналы қарияларымыз аман болсын» тақырыбында тағылымды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында ардагерлеріміз өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, немерелеріне ақ батасын беріп, ізгі тілектерін жеткізді. Даналыққа толы әңгімелері мен өнегелі өсиеттері оқушыларға үлкен әсер қалдырды.
«Қарияның сөзі – ақылдың көзі, батасы – ұрпаққа аманат» демекші, үлкендердің өнегесін тыңдау – ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы.
