Образование
22.09.2026
Салауатты өмір салты – денсаулық кепілі!
«Новоишим қазақ жалпы білім беретін мектебі» КММ-де салауатты өмір салтын насихаттау және оқушылардың дене белсенділігін арттыру мақсатында бүкілмектептік жаттығу ұйымдастырылды.
Жаттығуға 1-11 сынып оқушылары мен мектеп ұстаздары қатысты. Жалпы саны: 300 оқушы 25 ұстаз.
Таңғы сергіту жаттығулары оқушылар мен ұстаздарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, күнді белсенді бастауға ықпал етті. 

