«Шыбын-Цокотуха»
Қоғамдық- гуманитарлық бағытының онкүндігі аясында, «Балалар және театр» жобасын жүзеге асыру мақсатында ағымдағы жылдың 11 наурызында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ- нің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері Мусаибова Г.Т. Нурумова З.А. 4 сынып оқушыларының қатысуымен «Шыбын-Цокотуха» мюзиклін ұйымдастырды. Оқушылар жаңа жанрда бақтарын сынағанды ұнатты.
"Балалар және театр"
Қазақстандағы балалар жылы, Ғабит Мүсіреповтің 120 жылдығына орай және "Балалар және театр" жобасын іске асыру мақсатында қоғамдық- гуманитарлық бағытының онкүндігі аясында ағымдағы жылдың 10 наурызында қазақ тілі және әдебиет пәні мұғалімі А.М.Амангельдиева, 7"Ә" сынып жетекшісі А.Р.Идирисова әдеби кеш ұйымдастырып өткізді. Іс- шара барысында оқушылар аталмыш жазушының "Ананың анасы" шығармасынан үзіндісін қойып, өздеріне жүктелген рөлдерін жоғары дәрежеде атқара білсе, А.Р.Идирисова ананың рөлін керемет ойнай білді. Сонымен қатар 5-7 сынып оқушылары қазақтың жазушысы, драматургтің шығармаларынан үзінділерді мәнерлеп жатқа айтты.Осындай іс- шаралар оқушылардың шығармашылық, әртістік қабілеттерін дамытуға үйретеді.
