«Мен әкеме ұқсағым келеді»
Отан қорғаушылар күніне орай Новоишим қазақ орта мектебінің 3 а,ә сынып оқушылары «Мен әкеме ұқсағым келеді» онлайн-фотосуреттер көрмесіне қатысты.
«Мен әскерде қызмет етемін»
Отан қорғаушылар күніне орай жоспарға сәйкес 4 а,ә сынып оқушылары «Мен әскерде қызмет етемін» атты сурет көрмесіне қатысты.
В честь Дня защитника Отечества по плану учащиеся 4а, ә классов приняли участие в фотовыставке « Я буду служить в армии».
Отан қорғаушылар күні
6 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің 9 сыныптың 10 оқушысы 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні қарсанында ұйымдастырылған іс-шараға қатысты. Алдымен оқушылар мәдениет үйінде Отан қорғаушылар күніне арналған бейнефильмді тамашалап, содан кейін Ғ.Мүсірепов атындағы аудандық ішкі істер бөліміне экскурсия жасады. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері оқушыларды өз мамандығымен жан-жақты таныстырып, жұмысының қыр-сырын ашты.
«Ер жігіт – ел қорғаны»
Кітапханашысы Б. А. Мамбеталинова 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Ер жігіт – ел қорғаны» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Мақсаты: оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу. Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу.
«Ауғанстан – жазылмаған жара»
«Патриот» әскери-патриоттық акциясы аясында кітапханашы
Мамбеталинова Б.А. өскелең ұрпаққа Ауған соғысы туралы шындықты жеткізу, жерлестеріміздің интернационалдық борышын өтеудегі ерлік істерін дәріптеу мақсатында «Ауғанстан – жазылмаған жара» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
«Ғажайып Майя және оның достары»
Мектеп психологі Берденова М.А Эмоцияларды басқару –«Ғажайып Майя және оның достары» комиксі бойынша оқушыларды әлеуметтік-эмоцияналды оқыту бағдарламасының 3циклын 5ә сынып оқушыларымын өткізді.
«Құрсақ шашудың»
«Құрсақ шашу» кішігірім той-думан ретінде аталып өтеді. Мақсаты: қуанышты атап өту және жүкті әйелдің күтіміне баса назар аудару. «Құрсақ шашудың» тамыры тереңде жатыр. Қазақ халқының танымал эпостарының бірі «Алпамыс батырда» осы дәстүрдің сол кездегі қоғамда пайда болғандығы туралы айтылған.
Ағымдағы жылдың 1 мамыр – Қазақстан халықтарының Бірлігі күні «Бірлік» этно-мәдени бірлестігі аудандық мерекелік іс-шарада «Құрсақ шашу» салт-дәстүрін көрсетті.
«Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің....»
Кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Ұлы Отан соғысының 77 жылдығы қарсаңында « Отты жылдар елесін, кітаптан оқып білесің....» атты көрмесі ұйымдастырылды.
Кітап көрмесінде Ұлы Отан соғысы жылдардағы өлке тарихының сырын ашатын кітаптар, журналдар жинақталған. Жеңіс жолында ерлік көрсеткен Қазақстандық батырлардың есімдерін ұмытпай, тағзым етуге тәрбиелейтін кітаптар оқуға ұсынылды.
Мақсаты: оқушыларды өз тарихын білуге, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, олардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыруда тарихи кітаптарды оқуға қызықтыру.
«Оқуға құштар мектеп»
Сәуір айында «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 20 минуттық оқу жалғасуда.
Мақсаты: оқушыларға кітап пен оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.
«Достықтың дархан ұясы»
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашысы Б.А. Мамбеталинова «Достықтың дархан ұясы» атты кітап көрмесін ұйымдастырса , "Ақпарат және баспасөз" фракциясының мушелері тақырыпқа сай ақпараттық стенд безендірді.
Мақсаты: ел ішіндегі түрлі ұлт пен дін өкілдерінің бір-біріне деген сый-құрметін арттырып, татулықты, бірлікті, ортақ құндылықтарды насихаттау.
"Бір шаңырақ астында"
29 сәуір "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де Қазақстан халықтарының бірлігі күніне орай " Бір шаңырақ астында" атты достық фестивалі өтті. Аталмыш іс-шарада 1-11 сынып оқушылары 21 ұлт өкілдерін ұсынды.
"Бізге бейбітшілік керек!"
"Балалар жылы" аясында 2022 жылдың 28 сәуір күні Новоишим қазақ орта мектебінің 1-2 сынып оқушылары жоспарға сәйкес "Бізге бейбітшілік керек!" тақырыбында асфальтта суреттер салды.