"Менің ауылым"
Балалар жылы, Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру аясында 2 маусым 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де "Менің ауылым" атты тақырыбында сынып жетекшілер мен мектеп кітапханашысының жетекшілігімен 1-4 сынып арасында асфальтта сурет салу байқауы өткізілді
«Кітап әлеміне саяхат»
2 маусым күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А.Мамбеталинованың жетекшілігімен «Балалар жылы-2022», «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында " Жазғы мектеп" кезінде «Кітап әлеміне саяхат» атты сайыс ұйымдастырылды.

Мақсаты: Балаларды озық ойлы оқушы етіп тәрбиелеу, білімді, жан-жақты болуға баулу.
"Балалар жылы-2022"
"Балалар жылы-2022", Халықаралық Балалар Қорғау күні аясында " Жастар" стадионында Новоишим қазақ орта мектебінің ұжымымен оқушыларға арналған мерекелік бағдарлама ұйымдастырылды. Іс- шара флешмоб - жаттығудан басталды.Содан кейін жиылған оқушылар 4 бекеттерге бөлінді. Әр бекеттегі оқушы 4 түрлі қызықты ойындарға қатысып, өз мүмкіндіктерін көрсете білді. Сонымен қатар "Әке, шеше және мен" отбасылық жарыста мектебіміздің 1 ә сынып оқушысы Иманали Амантаевтің отбасы, " Барыс" командасы 1 жүлделі орынды иеленді. " Қызылжар" шағын орталығының тәрбиеленушісі Алтаева Айым, тәрбиеші Нурман А.С жетекшілігімен " Әнші балапан" байқауына қатысып, мадақтамен марапатталды.Сонымен қатар қыздар үшін кішкентай ханшайымдарға арналған салон ұйымдастырылды, онда салон шеберлері қыздарға сәнді шаш үлгілерін, сондай-ақ мерекелік бет бояуын үлкен ықыласпен ұсынды.Іс- шара Попурри биімен аяқталып , барлық қатысқан оқушылар тәтті сыйлықтарға ие болды.
«Тарихтан тағылым- өткенге тағзым»
31 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 31 мамыр - Саяси қуғын -сүргін құрбандарын еске алу күніне орай «Тарихтан тағылым- өткенге тағзым» атты тақырыптық көрме ұйымдастырылды.
Мақсаты: саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу. Олардың өмір жолдарымен оқырманды тереңірек таныстыру, өткен тарихымыздан тағылым ала отырып, бүгінгі ұрпаққа әр кітап арқылы өнегелі тәрбие беру, оларды Отанын сүюге, елінің , жерінің адал патриоттары болуға баулу, олардың санасына тарихи шындықты жеткізу.
«Бақытты балалық шағым»
2022 жылының 27 мамыр күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 2-3сыныптар арасында «Бақытты балалық шағым» атты сурет байқауы ұйымдастырылды.
"Рухани жаңғыру"
"Рухани жаңғыру" бағдарламасын іске асыру шеңберінде, "Балалар жылы- 2022" аясында 2022 жылдың 28 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінің 4 а, 4 ә сынып оқушылары сынып жетекшілері, ата- аналарымен бірге Петропавл қаласына экскурсия жасады. Оқушылардың бойында патриоттық сезімді тәрбиелеу, өз ауылына, қаласына, өлкесіне, тарихына, мәдениетіне, дәстүрі мен тұрмысына деген сүйіспеншілік сезімін арттыру мақсатында біз бірінші " Абылайхан резиденциясы" мұражайлық кешеніне бардық. Музей - ел тарихы, ұлттың көне менталитеті, дүниежүзі мәдениетінің қайнар көзі тоғысатын жер.Сонымен қатар оқушылар Петропавлдағы ботаникалық баққа барды. Оранжереяны тамашалауға барған балалар өзіне қызықты мағлұмат ала алды.
Ал " Нептун" ойын- сауық аквапаркінде балалар тамаша демала алды. Жалпы аталмыш экскурсия әр баланың көңілінен шықты.
«Демаламыз, күлеміз. Көңілді өмір сүреміз!»
26 мамырдан бастап жоспарға сай « Жазғы мектеп» өз жұмысын бастады. Жазғы мектепке жалпы 215 оқушы , оның ішінде 1-4 сыныптар аралығында 105 оқушы, 5-10 сыныптар аралығында 110 оқушы қамтылды. Жазғы мектептің алғашқы күні кестеге сай қойылған сабақтар бойынша оқушылардан кіру тесті алынды.
26-27 мамыр күндері бастауыш сынып оқушылармен мектеп психологі Жахина А.М «Кел танысайық», «Демаламыз, күлеміз. Көңілді өмір сүреміз!» атты тренингтерін өткізді. Сонымен қатар сынып жетекшілері салауатты өмір жолын дәріптеу мақсатында спорттық ойындар және шығармашылық ой-өрістерін дамыту мақсатында «Менің бақытты балалаық шағым» атты сурет байқауын өткізді.
«Жазғы мектеп»
26-27 мамыр күндері «Жазғы мектеп» аясында алғашқы әскери және технологиялық дайындық жұмыстарын өткізу жоспарына сай 7-8 сынып оқушыларымен Еслямов Р.Е АК-47 жартылай бөлшектеу және жинақтау жұмыстарын өткізді. 5-7, 8-10 сыныптар арасында волейболдан мектепішілік жарыс өткізді. 5 сыныптармен Сапарғали Ш.Ө жоспарға сай роботпен танысу және робот жинау жұмыстарын өткізді. Сонымен қатар мектебмізде шағын кинотеатр бөлмесі ұйымдастырылды. Оқушылар күннің соңында қызығушылықтары бойынша мультфильмдер мен фильмдер тамашалайды.
«Сыңғырла, соңғы қоңырау!»
25 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінде «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиыны өтті.
Жиынға Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Құрмет азаматы- Тастемиров А. А.А, аудан әкімінің ауыл шаруашылығы және экономика мәселелері жөніндегі орынбасары – Баумағанбетов С. Т., аудандық білім бөлімінің әдіскері Кусаинова Г.М. қатысты. Мектеп директоры Сүйесінова С.Т. түлектерді, ұстаздар қауымын және жиналған оқушылар мен ата-аналарды соңғы қоңырау мерекесімен құттықтап, «Балалар жылы» аясында мектептің атын облыс, республикалық көлемінде танытқан оқушыларға мадақтамаларды табыс етті.
Мектеп бітіруші түлектерге балғын жас бүлдіршіндер 1 - сынып оқушылары сәт сапар тілеп, тақпақтарын оқыды.
Мектеп аманатын тапсыру рәсімі 11- сынып оқушылары Рахимова Самал мен Шонанаева Махаббатқа, аманат қабылдап алу құрметі 10-сынып оқушылары Бөкенбаев Нұртуған мен Шарбекова Мадинаға берілді.
Білім кілтін 11 сынып түлектері Серікбай Данагүл мен Ермекова Тамирис 1 сынып оқушылары Сайлау Ернар мен Аяған Нұрсаяға табыс етті.
Соңғы қоңырау соғу құқығы бітіруші түлек Исаев Алиасқар және 1-сынып оқушысы Серікпай Ақботаға берілді.
Мерекенің 2-ші бөлімі мектеп бітіруші түлектердің ұстаздарына арналып шығарылған арнау өлең, ән – жырларымен, бимен акт залында жалғасты.
Осылайша сыңғырлаған қоңырау үнімен қоштасқан мектеп бітіруші түлектер ұстаздар қауымымен қимай қоштасты. Мерекелік жиын өте жоғары дәрежеде өтті.
«Елдіктің ерен белгісі – рәміздер»
1992 жылдың 4 маусымында Елбасы Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» Заңға қол қойды. Бұл күн еліміздің тарихында мемлекеттік рәміздеріміз - ту, елтаңба және әнұранымыздың алғаш рет бекітілген күні болып қалды.
Ал 2007 жылдың 4 маусымынан бастап, қазақстандықтар бұл күнді мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекелей бастады.
ҚР Мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеу қарсаңында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен «Елдіктің ерен белгісі – рәміздер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушыларға қазақстандық патриотизм, Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жетістіктерін кеңінен дәріптеу және дамыту, Мемлекеттік Ту, Елтаңба, Әнұранға деген құрмет сезімін қалыптастыру.
"Ұранды елдің -ұрпағы қайсар"
"Ұранды елдің -ұрпағы қайсар" атауымен өнер,әскер, спорт апталығы аясында 17 мамыр күні Новоишим қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен үзіліс кезінде алғашқы әскери дайындық жұмыстары ұйымдастырылды. Оқушылар автоматты жинап,бөлшектеуге және ОЗК-ні киюді үйренді.
"Спорт пен өнер-егіз ұғым"
16 мамыр күні "Спорт пен өнер-егіз ұғым" атты өнер,әскер, спорт апталығы аясында Новоишим қазақ орта мектебінің 5-6 сынып оқушылары арасында үзіліс кезінде ұлттық ойындар дан жарыс, түстен кейін волейболдан жарыс ұйымдастырылып өткізілді.