«Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы»дара тұлғасы»
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ мұғалімдері мен оқушылары Ұлт жанашыры - Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған жалпықазақстандық ашық диктант жазуға қатысты.
Диктанттың тақырыбы – «Ахмет Байтұрсынұлы – дәуірдің дара тұлғасы».
Мақсаты: этносаралық қатынас тілі ретінде мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту.
Қазақстан халқы Тілдер күні
Ана тілі - адам болып жаралғаннан бері жан дүниесінің айнасы, өсіп - өніп, түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі. Ана тілі жүректінің терең сырларын, халық тарихының барлық кезеңдерін, жанның барлық толқындарын ұрпақтан - ұрпаққа сақтап отыратын қазына.
2022 жылдың 5 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Қазақстан халқы Тілдер күніне арналған салтанатты жиын өтті. Гуманитарлық бағытының әдістемелік бірлестігінің жетекшісі Дүйсенбин Е.Б. мектеп оқушыларын «Тіл - татулық тірегі» ұранымен өтетін іс-шара жоспарымен таныстырып, белсенді қатысуға шақырды. Мақсаты: оқушыларды туған халқының тілін қастерлейтін саналы да парасатты азамат етіп тәрбиелеу. Оқушыларды үштілділікке үйрету барысында жан-жақты көзқарасын дамыту.
Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығы
Ахмет Байтұрсынов - қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы және қоғам қайраткері, Қазақ халқының 20 ғасырдың басындағы ұлт-азаттық қозғалысы жетекшілерінің бірі, мемлекет қайраткері, қазақ тіл білімі мен әдебиеттану ғылымдарының негізін салушы ғалым, ұлттық жазудың реформаторы, ағартушы және Алаш-Орда өкіметінің мүшесі .
Халық әдебиеттін насихаттау, тарихи, мәдени және рухани мұраны сақтау, оқушыларға адамгершілік-патриоттық тәрбие беру, ана тілін құрметтеу мақсатында 2022 жылдың 06 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Ахмет Байтурсынов - казахский поэт, ученый-литературовед, публицист, педагог, переводчик и общественный деятель, один из лидеров национально-освободительного движения казахского народа начала 20 века, государственный деятель, ученый – основоположник казахского языкознания и литературоведения, реформатор национальной письменности, просветитель и член власти Алаш-Орды.
В целях пропаганды народной литературы, сохранения исторического, культурного и духовного наследия, нравственно-патриотического воспитания учащихся, уважения к родному языку 06 сентября 2022 года в КГУ «Новоишимская казахская средняя школа» под руководством библиотекаря Мамбеталиновой Б. А. была организована книжная выставка, посвященная 150-летию Ахмета Байтурсынова.
«Кел балалар, оқылық»
2022 жылдың 1 қыркүйек күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Білім күніне арналған «Кел балалар, оқылық» атты салтанатты іс – шара өтті. Білім әлеміне алғаш рет 32 оқушы қадам басты. Салтанатты жиынымызға аудандық «Аманат» партиясының атқарушы хатшысы Сапанов Б.А. және аудандық білім бөлімінің әдіскері Тулепова Ұ.Е. қатысты. Салтанатты іс-шарадан кейін 1-11 сыныптар «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбында өткен бірыңғай сынып сағатына қатысты.
Жұмысқа қабылдау

2022 жылдың тамыз айында жарияланған математика, қазақ тілі, ағылшын тілі, химия мұғалімдеріне бос вакансиялар бойынша өткен конкурстың нәтіжесі

10 тамыз Абай Құнанбайұлының туған күні
Бүгін қазақ даласының ұлы ақыны, композитор, ағартушы, қоғамдық қайраткер Абай Құнанбайұлының туған күні.
«Абайды оқы, таңырқа!»
2022 жылдың 10 тамыз күні Абай Құнанбайұлының туған күніне орай "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- нің оқушылары «Абайды оқы, таңырқа!» атты онлайн челленджіне қатысты. Сонымен қатар кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 1-11 сынып оқушыларына «Ұлы ақын – Абай» атты ақпараттық көрме ұйымдастырылып, оқушылар арасында Абай Құнанбайұлы өмірі, шығармашылығы, ұрпақтары жайында танымдық бейнежазба мен слайдтық презентациялар таратылды.
«Мектепке жол» акциясы
2022-2023 оқу жылының қарсаңында «Мектепке жол» республикалық акциясының өткізілуі дәстүрге айналып келеді. Солтүстік Қазақстан облысының Ғабит Мүсірепов атындағы ауданында «Мектепке жол» акциясы жалғасуда.
Бұл шараның мақсаты – аз қамтылған және көп балалы отбасылар қатарындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылының басталуына дайындық кезеңінде көмек көрсету, әртүрлі әлеуметтік себептерге байланысты мектепке бара алмай қалуының алдын-алу жаппай білім берумен қамтылмай қалған балаларды анықтап, қолдау көрсету.
«Шекарасыз жақсылық - Мектепке жол» ұранымен өткізіледі. Акция барысында жыл сайынғы акцияға үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін, ірі кәсіпорындарды, демеушілерді, меценаттар және жеке кәсіпкерлерді балаларға кеңсе тауарлар, спорттық киім, мектеп формасы, аяқ киім, рюкзактар және т.б түрінде көмек көрсетуді сұраймыз.
Кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмауы туралы нұсқаулықтар
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де ата-аналарға кәмелет жасқа толмағандардың жыныстық қол сұғылмауы туралы нұсқаулықтар жіберілді.
Мемлекет басшысы Үндеуіне қолдау
Мемлекет басшысы Үндеуіне қолдау

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың төрағалығымен 2022 жылдың 14 шілдесі күні Үкіметтің кеңейтілген отырысы бейнебайланыс режимінде болып өтті. Бұл отырыста еліміздің әртүрлі салалары бойынша көптеген өзекті мәселелер қарастырылды. Атап айтатын болсақ мемлекет басшысы ең алдымен ел экономикасы жайлы мәселелерге тоқталды. Еліміздің күрделі геосаяси сын-қатерлерге қарамастан, бірқалыпты дамып келе жатқанын атап өтті. Биылғы бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша экономика 3,4 пайызға, ал нақты сектор 4,1 пайызға өскен. Әсіресе, өңдеу өнеркәсібі саласында айтарлықтай ілгерілеу бар.

Отырыс барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет мүшелері мен өңірлер әкімдерінің назарын халықты алаңдатқан бірқатар өзекті мәселені шешу қажеттігіне аударды. Президент инфляцияны және азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру, азаматтардың табысын арттыру және адами капиталды дамыту, ақша-несие және салықтық-бюджет саясатын жетілдіру, экономиканың нақты секторына қолдау көрсету, энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, автожол инфрақұрылымын дамыту сияқты мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеді.

Еліміздің демографиялық, көші-қон, технологиялық даму барысын да ескере отырып, жалпы адам капиталын дамыту ісінде білім саласы негізгі рөл атқаратындығын басып айтты. Біз жуырда Білім және ғылым министрлігін екіге бөлдік. Бұл қадам қордаланған мәселелерді шешу үшін қажет болды. Үкімет және жаңа министрліктердің басшылары отандық білім және ғылым саласын тың серпінмен дамытуға күш салады деп сенемін деді.

Мемлекет басшысы биылғы жылды Балалар жылы деп жарияладым. Балаларды зорлық-зомбылықтан қорғауға, суицидтің алдын алуға, әрбір баланың құқықтарын қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар қажет. Сол бойынша көптеген мәселерді бірлесе шешіп, қызмет көрсету сапасын арттыратын кез келді деп, бұл мәселені мұқият қарастыруды Үкіметке тапсырды. Лицензиялау тәртібін қайта енгізу, ең алдымен, мемлекетке емес, қоғамға қажет шара. Өйткені, басты мақсатымыз – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екендігін нықтап айтты.
Жазғы қауіпсіздік ережелері
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де 0-11 сынып ата- аналары мен балаларына жазғы қауіпсіздік ережелері бойынша ақпараттық жұмыс жүргізілді.
"Бір күндік "Жас сарбаз"
Астана күнін мерекелеу және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында, оқушылардың жазғы демалысы аясында, "Новоишим қазақ орта мектебінде "Бір күндік "Жас сарбаз" шатырлы лагері ұйымдастырылды.
Мақсаты: Отанға, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, оқушылардың бойында патриоттық сезімін нығайту.