"Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттанудың, жол ережелері"
14 қыркүйек күні кәмелеттік жасқа толмағандардың істері жөніндегі мектеп инспекторы А.О.Казезовтың ұйымдастыруымен 8, 9, 10, 11 - сынып оқушыларына «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жол-көлік жарақаттанудың, жол ережелері" туралы дәріс өткізілді.Мақсаты: оқушылардың құқықтық білімдерін тексере отырып заң алдыңдағы жауапкершілікті арттыру, жасөспірімдердің қылмыстығының қылмыстық сипаттамасын беру, қылмыстық жауапкершіліктің түрлерімен таныстыру. Жалпы 96 оқушы қамтылды.
«Отбасында татулық болады, кітапқа қуанышты болсан»
12 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Қазақстан халқы тілдер күні және «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен 6 - сынып оқушылар арасында «Отбасында татулық болады, кітапқа қуанышты болсан» тақырыбында әдеби сағат ұйымдастырылды.
Мақсаты:
1.Оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін шыңдай түсе, отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу.
2.Оқушылардың есте сақтау, ойлау қабілеттерін, тіл байлығын, өз беттерінше жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
3.Оқушыларды ұйымшылдыққа, жауапкершілікке, ептілікке, өз ойын жеткізе білуге, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
"Барлығы отбасынан басталады"
Отбасы - әр адамның өміріндегі ең маңызды нәрсе. Отбасы - біз сүйетін, біз олармен үлгі алатын, біз қамқор болатын, жақсылық пен бақыт тілейтін жақын және қымбат адамдар. Отбасында біз сүйіспеншілікті, жауапкершілікті, қамқорлық пен сыйластықты үйренеміз.
Осыған байланысты 2022 жылдың 8 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-нің кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен
"Барлығы отбасынан басталады" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: өскелең ұрпақты өз отбасына деген сүйіспеншілігін арттыру, бауырмалдық, мейрімділік сезімін ояту, үлкенді сыйлау, кішіге қамқор жасау, сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
«Берік отбасы- мемлекеттің әл-ауқатының негізі»
07.09-09.09 аралығында 1-8 сыныптарда «Берік отбасы- мемлекеттің әл-ауқатының негізі» тақырыбында бірыңғай сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: оқушылардың отбасы, жанұя туралы білімдерін толықтыру және отбасы құндылықтарының маңызын дәріптеу, отбасы құндылықтарын сыйлауға тәрбиелеу.
«Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді»
2022-ші жылы қыркүйектің 7-9 аралығында 9-11 сыныптарда «Адалдық жүрген жерде - адамдық жүреді» тақырыбында адалдық сағаттары өткізілді.
Мақсаты: оқушылардың бойына рухани адамгершілік қасиеттерді ұялату үшін мейірбан, ақылды, шыншыл, қайырымды т. б адамдық асыл қасиеттерді игеруге ықпал ету. Бірін - бірі сыйлап, мейіріммен қарауға тәрбиелеу.
Жаңадан келген оқушылардың ортаға бейімделуін қалыптастыру
Мектеп психологы М. А. Берденова қыркүйек айында жоспарға сай интернатқа жаңадан келген оқушыларымен ортаға тез бейімделуге тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылармен танысу, жаңадан келген оқушылардың бейімделуіне ықпал жасау
Халықаралық отбасы күні
Халықаралық отбасы күніне арналған "Объктивте отбасым" фотосуреттер көрмесінің қатысушылары мектепалды даярлық"А" тобының тәрбиеленушілері, ұстазы Альмухамбетова Ж.К.
Халықаралық отбасы күні
Халықаралық отбасы күніне арналған "Объктивте отбасым" фотосуреттер көрмесінің қатысушылары 1"Ә" сынып оқушылары, сынып жетекшісі Амиржанова Г. Е.
Халықаралық отбасы күні
Халықаралық отбасы күніне арналған "Объктивте отбасым" фотосуреттер көрмесінің қатысушылары 1"А" сынып оқушылары, сынып жетекшісі Увалиева Б.А.
Халықаралық отбасы күні
Халықаралық отбасы күніне арналған "Объктивте отбасым" фотосуреттер көрмесінің қатысушылары мектепалды даярлық"Ә" тобының тәрбиеленушілері, ұстазы Нурумова З.А.
Халықаралық отбасы күні
Халықаралық отбасы күніне арналған "Объктивте отбасым" фотосуреттер көрмесінің қатысушылары мектепалды даярлық"Ә" тобының тәрбиеленушілері, ұстазы Нурумова З.А.
Халықаралық отбасы күні
Халықаралық отбасы күніне арналған "Объктивте отбасы" фотосуреттер көрмесінің қатысушылары 1"А" сынып оқушылары, сынып жетекшісі Увалиева Б.А.