Ата -аналар жиналысы
2022 жылдың 11 қараша күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де қоғамдық тыңдаулар өтті. Іс- шараның негізгі бөлімі басталмас бұрын "Балалар жылы" аясында ата- аналарға мектеп оқушылары дайындаған шағын концерттік бағдарлама ұсынылды. Содан кейін күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды: 1).1 тоқсан бойынша оқу-тәрбие үрдісінің нәтижелері мен жетістіктері
/ ОІО Жолдаспаева Г.М., Нугуманова А.Ж./
2).Қараусыздықтың алдын алу және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтар. /Учаскелік инспекторы Бердімұрат Р. /
3).Балалар денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы/ медбике Жарасбаева А.Қ./
4). Әр түрлі сұрақтар. Нәтижесінде ата- аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берілді.
IQanat олимпиадасының І кезеңі

Ғабит Мүсірепов ауданы бойынша IQanat олимпиадасының І кезеңі 2022 жылдың 8 қараша күні Новоишим қазақ орта мектебінде өтті.

IQanat олимпиадасы Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрінің 2011 жылғы 7 желтоқсандағы №514 бұйрығына өзгертулер енгізу туралы бұйрығымен ҚР БҒМ Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының ,кәсіби шеберлік конкурсатарының және спорттық жарыстардың тізбегіне енген.

Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері: шығармашылық, танымдық, зияткерлік қызметті жандандыру, функционалдық сауаттылық деңгейін арттыру, тікелей қарым-қатынас пен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру арқылы ауыл оқушыларының қабілеттерін анықтау, қолдау, дамыту.

І кезеңге ауыл мектептерінің 8 сынып оқитын 218 оқушысы қатысты. Олимпиаданың ашылу салтанатында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша координатор Есенеева Айсулу Бекеновна және "IQanat HSB" мектебінің 11 сынып оқушысы Каримов Канат оқушыларға мотивациялық тренинг өткізді. Сонымен қатар ауданымыздың әр мектебіндегі Айканат еріктілері жиналып оқушылармен олимпиада барысында ұйымдастырушылық жұмыстарын жүргізді. Әрбір оқушыға естелік IQanat білезігі мен "Stiсker pack" берілді. Олимпиада ұзақтығы 60 минут болды. Олимпиадаға қатысқан әрбір оқушыға жеңіс пен сәттілік тілейміз!

«Зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсері»
Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 8 - 9 қараша аралығында әлеуметтік ұстаздар А.Қ.Алгожина және А.Н.Байбулатованың ұйымдастыруымен 5 - 6–сынып оқушыларына «Зиянды заттардың ағзаға тигізетін әсері» туралы дәріс беріліп, слайд және бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: Оқушыларға зиянды заттардың адам ағзасына тигізетін әсері туралы түсіндіру. Жалпы 63 оқушы қамтылды.
Дарынды оқушыға - талантты ұстаз

8 қараша күні Новоишим қазақ орта мектебінің математика мұғалімі Киргизбай Аяулым Бакытжанқызы «Даранды балаларға- талантты ұстаз» республикалық педагогикалық олимпиадасының аудандық кезеңіне қатысып, ІІ орын иеленді. Олимпиаданың мақсаты- жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау; білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру.

"Отбасылық шеберхана" атты онлайн қолөнер
4 қараша 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де жоспарға сай оқушылардың күзгі демалысын ұйымдастыру мақсатында 0-4 сыныптар арасында "Отбасылық шеберхана" атты онлайн қолөнер көрмесі өткізілді. Мақсаты: отбасылық қарым-қатынасты нығайту,
шығармашылыққа, әдемілікке баулу.
«Сауаттылықты қалыптастыру-табысты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің міндетті шарты» семинар- практикум өткізілді.
Қарашаның бесінші жұлдызында Новоишим қазақ орта мектебінде тірек мектебі аясында «Сауаттылықты қалыптастыру-табысты тұлғаны оқыту мен тәрбиелеудің міндетті шарты» семинар- практикум өткізілді. Семинарға магниттік мектеп мұғалімдері -Шұқыркол орта мектебі, Жаманшұбар және Жанасу бастауыш мектептері- шақырылды. Семинар екі бөлімді құрады.
Коучинг тақырыбы:Дарынды және талантты оқушыларды қалай анықтаймыз?

02.11.2022 ж мектебімізде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Киражова Гульзира Толегеновна мұғалімдерге коучинг өткізді. Коучинг тақырыбы:Дарынды және талантты оқушыларды қалай анықтаймыз? Мақсаты:Сыныпта дарынды және талантты оқушыларды анықтау.

«Лессон стади» коучингі

Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 2 қарашасында «Лессон стади» коучингі өтілді. Мақсаты: мұғалімдердің кәсіби деңгейін жоғарлатуда, бірлесіп оқушыларды жан - жақты зерттеу арқылы жұмыс жасайтын педагогикалық тәсіл туралы білуге, тәжірибе алмасуға және өз жұмысына рефлексия жасауда Lesson Study құрал ретінде пайдалануға болатынын түсінуіне мүмкіндіктер жарату.

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 1,5,10 сыныптарда бейімделуін бақылау жүргізілді

Мектепішілік бақылау жоспарына сәйкес 1,5 және 10 сыныптарда бейімделу кезеңін бақылауы жүргізілді. Мақсаты: оқушылардың оқуға дайындық деңгейін, бейімделу кезеңін ұйымдастыру деңгейін бағалау. Тексеру барысында құжаттаманы зерделеу, мұғалімдермен әңгімелесу, сабаққа қатысу, ата-аналар жиналысына қатысу жүргізілді.
Мектебімізде 1,5, және 10- сынып оқушыларын мектепке бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасалды. Оқу жылының басында ата-аналар жиналысы өткізілді, онда бейімделу кезеңінде оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктері туралы мәселелер талқыланды.

«Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат»
31 қазан 2022 жылы "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де күзгі демалысты ұйымдастыру жоспарына сай балаларға Кәсіптік бағдар беру мақсатында кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалинамен «Қазақстан университеттеріне виртуалды саяхат» ұйымдастырылды. Жоғары сынып оқушылары ЖОО шолу жасалатын ссылкалар арқылы, қажетті университетпен таныса алды. Балалар ЖОО ғимараттары, факультеттері, оқу залдары, кітапханалары, мұражайлары т.б туралы ақпарат ала алды.
«Нашақорлық соңы қорлық» туралы бейнеролик
Новоишим қазақ орта мектебінде 2022 жылдың 26 - 28 қазан аралығында әлеуметтік ұстаз А.Н.Байбулатованың ұйымдастыруымен 8 - 10 –сынып оқушыларына «Нашақорлық соңы қорлық» туралы бейнероликтер көрсетілді. Мақсаты: оқушыларға темекі мен нашақорлықтың зияны туралы түсіндіру. Жалпы 80 оқушы қамтылды.
Республика күні мерекелік іс-шара
Республика күніне орай Новоишим қазақ орта мектеп жанындағы интернат тәрбиеленушілерге арналған "Қазақ елі - менің Отаным" атты мерекелік бағдарлама өтті. Мақсаты: оқушыларды өз Отанын сүюге,қазақ екенін ,Қазақстанда тұратынын мақтаныш етуге, туған халқының тілін, мәдениетін, салт- дәстүрін қастерлейтін саналы да парасатты азаматтар тәрбиелеу.Елінің Туын,Елтаңбасын,Әнұранын қастерлеуге, өз елін,тегін,тарихын білуге тәрбилеу.