"Мен таңдаған мамандық" тренингі
Мектеп психологы М.А.Берденова және кәсіптік бағдар беруші Т.Б.Сердалина 11 сынып оқушыларымен тренинг өткізді. Мақсаты: оқушылардың бойындағы қорқыныш пен сенімсіздіктің алдын-алу, ұлттық біріңғай тестілеуге және мамандық таңдауға психологиялық тұрғыда дайындау
«Мамандықты дұрыс таңдай білейік» деген тақырыпта сабақ-тренинг
Қарашаның 24 күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 10 сынып оқушыларымен «Мамандықты дұрыс таңдай білейік» деген тақырыпта сабақ-тренинг өткізілді. Ұйымдастырып өткізген кәсіби бағдар беруші Сердалина Т.Б. Тренингтің мақсаты: оқушыларға мамандық таңдауда олардың негізгі түрлері, классификасиясы, белгілері, мамандық тобы, таңдау әдістері туралы білімдерін, түсініктерін кеңейте отырып, мамандықтарға деген ынта – ықыласын, қызығушылықтарын арттыру.
Мамандықты таңдаған кезде оны қызығушылығына, икемділігіне, қабілетіне қарай таңдау керек екені ескертілді. Балалардың болашақ таңдаулары, соған сай бойларында болу қажет қасиеттері сөз болды. «Ойлан тап», «Жаңа мамандықтар», «Мамандықтар тізбегі» жаттығулары, «Қол мидың жалғасы» әдістемесі орындалды.
«Тіл – адам жанының тілмашы» эссе байқауы
Новоишим қазақ орта мектебінде 21 қарашаның жұлдызында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдық мерейтойына орай «Тіл – адам жанының тілмашы» эссе байқауының қорытындысы шағарылды. Байқаудың мақсаты эссе құрылымына сай талаптарды орындай отырып, білім алушылардың ойын жазбаша түрде жеткізу және өз бетімен шығармашылық ойлау дағдыларын дамыту, жыр алыбының өсиет сөздері мен шығармашылық құндылықтарын дәріптеу, өз ойын дәл және сауатты жеткізуге үйрету. 9- сынып оқушысы Серикбай Меруерт 1 орын , 11- сынып оқушысы Усан Аянат 2 орын, 10- сынып оқушысы Қорғанбек Алуа, Қайыр Айжан 3 орындарды иеленді
"Мен өмірге ғашықпын" әңгіме сағаты
Аутодистрктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында мектеп психологы оқушылармен «Мен өмірге ғашықпын» тақырыбында әңгіме-сағатын өткізді. Оқушыларға видео ролик көрсетіліп, бірге талқыланды.
«Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты жаратылыстану-математика апталығы

Новоишим қазақ мектебінде 21 қараша күні «Бүкіл әлем сөйлейді нақты ғылым тілінде» атты жаратылыстану - математика апталығы ашылуы саптық жиында жарияланды. Апталық 21.11-02.12 аралығында өткізіледі. Мақсаты: Жаңа технология элементтерін қолдана отырып, оқушылардың білімдерін тереңдетіп, қызығушылықтарын арттыру және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту. Жаратылыстану-математика апталығында 5-11 сыныптар аралығында әр пән мұғалімі ашық сабақпен сыныптан іс шара өткізеді.

«Мамандықтар әлемі» тақырыбында сабақ
19 қараша күні 5 сыныптарда кәсіби бағдар беруші Т.Б Сердалинамен «Мамандықтар әлемі» тақырыбында сабақ өткізілді. Сабақта балалар алдымен мамандықтар жайлы бейнеролик тамашалады, презентация арқылы жұмбақтар шешті. Одан әрі «Алфавитті мамандық» жаттығуы орындалды. Сонымен қатар жаңа шыққан мамандықтар туралы ақпарат алды. Сабақ барысында балалар мамандықтардың сан түрлілігіне көздері жетті. Болашақтағы өздерінің таңдайтын мамандықтары жайлы айтты.
Кәсіби бағдарлау жұмысы
18.10.2022 жылы Новоишим қазақ орта мектебінің 9 сынып оқушыларымен Көкшетау қаласының Көкшетау Гуманитарлық техникалық колледжінің оқытушысы Шаяхметов Сағындық Жапарұлы кәсіби бағдарлау жұмысын өткізді. Оқушылармен кездесу кезінде колледжде оқытылатын мамандықтар, түсу үшін қажетті құжаттар, түсу емтихандары, гранттар, степендиялар, жеңілдіктер жайлы түсіндірме жұмысы жүргізілді.
"Мен және менің ортам" тренингі
Мектеп психологы М. А. Берденова ағымдағы жылдың қараша айында 5-9 сыныптармен оқушылардың бір-біріне оң қарым-қатынас қалыптастыру,бір-біріне сенімділігін арттыру мақсатында тренинг өткізді. Мақсаты: Сынптағы шеттетілген, аулақтатылған оқушыларды ортаға қосу, оқушылардың сыныпқа оң қарым-қатынасты қалыптастыру, бір-біріне сенімділігін арттыру.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері" атты эрудит ойыны
16 қараша 2022ж. 5-6 сыныптар арасында аға-тәлімгер Жайық Ш.Б. және Мектеп парламенті ұйымдастыруымен"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері" атты эрудит ойыны өтті.Мақсаты:
І.Елтаңба, Ту, Әнұран туралы түсініктерін нығайту.Рәміздердің пайда болуы және тарихтағы маңызы жайлы түсініктерді дамыту.
ІІ.Оқушыларды Отансүйгіштікке,адамгершілікке, Отанына, халқына адал қызмет етуге, елінің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеп, құрметтеуге, халқының тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
«Бала құқығы – адам құқығы»
Новоишим қазақ орта мектебінде 10.11-20.11.2022 ж. аралығында өтетін «Бала құқығы – адам құқығы» Республикалық айлығының және «қатыгездік «зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» онкүндігінің іс-жоспары құрылып, бекітілді.Мектебіміздің бірінші қабатында «Бала құқығы-адам құқығы», «Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» атты ақпараттық бұрышы безендірілді.
Қазақстанның ұлттық валютасы
"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Қазақстанның ұлттық валютасы күніне орай 2022 жылдың 15 қараша күні сынып жетекші Г.Т.Киражованың жетекшілігімен 6 "А" сыныбында тәрбие сағаты өтті.
Сынып сағатының мақсаты – Қазақстанның ұлттық ақшасына көшу тарихы, оның маңызын түсіндіру. Өз ұлттық теңгеміздің айналымға кіруі, қалай, кімдер жасағаны туралы мағлұмат алу. Жаңадан айналымға енген ұлттық валюта, оны енгізудің қажеттілігі, безендірілуі туралы кеңірек танысу. Жалпы осы күні барлық сыныптарда аталмыш тақырыпта тәрбие сағаттары өткізілді.
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі 2022 жылдың 14 қараша күні өтті. Олимпиада келесі пәндер бойынша өтті: математика, жаратылыстану, қазақ тілі мен әдебиеті, қазақ тілінде оқытатын сыныптардағы орыс тілі, ағылшын тілі, қазақстан тарихы. Жалпы 39 оқушы қатысты, оның ішінде 12 оқушы І орынға ие болып, аудандық кезеңде өз білімдерін сынауға жолдама алды.