5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиада
5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне 12 оқушы қатысты. Базарбай Мадина -3 орын қазақстан тарихы пәнінен, Сабыржан Дария -3 орын жаратылыстану пәнінен, Шарбекова Аяулым-2 орын қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен, Адильбекова Адия 3 орын -орыс тілі пәнінен, Айтқожа Аян -2 орын, Акжигит Арыстан-1 орын ағылшын тілі пәнінен алды. 2022 жылдың 1 желтоқсан күні өткен облыстық кезеңінде 6 сынып оқушысы Акжигит Арыстан- 3 орынға ие болды. Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында аға тәлімгер Жайық Ш.Б. ұйымдастыруымен 8 сыныптарда мұражайлық сабақ өтті.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2022 жылдың 2 желтоқсан күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті» тақырыбында аға тәлімгер Жайық Ш.Б. ұйымдастыруымен 8 сыныптарда мұражайлық сабақ өтті. Мақсаты: оқушылардың бойында отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілік сезімін ояту, көшбасшылық қасиеттерді дамыту.
«Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты әңгіме
2022 жылдың 02 желтоқсан күні әлеуметтік педагог А.Байбулатованың жетекшілігімен 9 - сынып оқушыларына «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықсыз 16 күн» атты әңгіме жүргізіліп, бейнероликтер көрсетілді.
Психологиялық ойын-жаттығулар
01.12.2022ж. Интернат оқушыларының бос уақытын тиімді өткізу, көңіл-күйлерін көтеру мақсатында мектеп психологы М.А.Берденова, әлеумметтік ұстаз А.Н.Байбулатова интернат балаларына «Психологиялық ойын» жаттығуларын өткізді.
"Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара
2022 жылдың 30 қараша және 01 желтоқсан күндері кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кестеге сәйкес әлеуметтік ұстаз А.Н.Байбулатова, А.К.Алгожина және 7 ә сынып жетекшісі Д.Ж.Шеныбаева капитан полиции Р.Ш.Бердімұратпен бірігіп "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шара жүргізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады
"Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауы
Ғалий Темирлан, 10 жас, Новоишим ауылы. "Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауының қатысушысы. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Ұйымдастырушы: Мәдениет үйі.
"Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауы
Мырзагелді Еркежан, 10 жас, Новоишим ауылы. "Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауының қатысушысы. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды Ұйымдастырушы: Мәдениет үйі.
"Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауы
<div style="text-align:justify;">Адильбекова Адия, 10 жас, Новоишим ауылы. "Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауының қатысушысы. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің негізгі қағидаларын сақтау және жүзеге асыру сыбайлас – жемқорлықпен күресте өте маңызды. Ұйымдастырушы: Мәдениет үйі. </div>
"Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауы
Жактаева Дария,9 жас, Новоишим ауылы. "Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен" аудандық суреттер байқауының қатысушысы. Ұйымдастырушы: Мәдениет үйі.
«Жемқорлыққа жол жоқ» ойын-викторина
2022 жылы 31 қазан күні ауданымыздың «Жастардың нұрлы жолы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ» ойын-викторина өтті. Аталмыш іс-шараға орталық мектептерінің «Адал ұрпақ» ұйымының мұшелері қатысты. Нәтижесінде Новоишим қазақ орта мектебінің «Адал ұрпақ» клубының мүшелері 2 жүлделі орынға ие болып, мадақтамамен және сыйлықпен марапатталды.
«Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен» сурет байқауы
2022 жылдың 21 қарашадан 1 желтоқсан аралығында аудандық мәдениет үйі ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлық балалар көзімен» сурет байқауы өтуде. Аталмыш іс-шараға Новоишим қазақ орта мектебінің «Құқық және тәртіп» фракцияның мүшелері, «Адал ұрпақ» клубының мүшелері белсенді қатысуда.
"Қызықты математика" интеллектуалды сайысы түрлі -түсті кеш форматында
<p><strong>29.11.2022ж күні ЖМБ апталығының жоспары бойынша 7-8 сыныптар аралығында математика пәнінің мұғалімдері Идирисова А.Р., Алгожина Г.А интеллектуалды "Қызықты математика" сайысын түрлі-түс кеш форматында өткізді. Мақсаты</strong>: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, ой-өрісін кеңейту, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, алған білімдерін тереңдету.Математикалық сайыс 8 турдан тұрады.</p>
