Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырысы
2023 жылдың 7 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестік отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
1). Менің идеальды ұжымым.Дөңгелек үстел.
Мұғалімнің оқу-тәрбие процесіне әсері.Кеңес.
/ Мектеп психологтары Берденова М.А., Жахина А.М./
2.)Суицид және жасөспірім / Берденова М.А./
3). 2023 жылғы 3 наурыздағы «Орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды мектепішілік есепке алу» №61 бұйрығымен танысу. /Әлеуметтік ұстаз Байбулатова А.Н./
4).Сыныптағы тәрбие жұмысының мониторингі / ТІО Амиржанова Б.К./
5).Әр-түрлі сұрақтар
Отырыс барысында күн тәртібіндегі мәселелер қаралды, сондай-ақ пікірлер тыңдалды, ұсыныстар берілді.
Жас мамандар арасындағы "Толағай" эстафетасы
07.04.23 ж. “Жас маман” қауымдастығының ұйымдастыруымен Новоишим Қазақ Орта Мектебінде “Толағай” эстафетасы өтті. Аудан және ауыл мектептерінің жас мұғалімдері қатысып, өздерінің спорттық бесенділігін көрсетті.
"Балалар кітап апталығы"
2023 жылдың 3 – 7 сәуір аралығында "Балалар кітап апталығы" аясында «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де кітапханашы Б.А. Мамбеталинованың жетекшілігімен кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: оқушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігін арттыру, кітап оқуға құмарлығын, кітап оқу арқылы олардың сөздік қорын, ой — өрісінің дамуын, рухани байлығын, кітап оқуға қызығушылығын арттыру.
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының " Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасы
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының " Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасын іске асыру мақсатында 2023 жылдың 6 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кәсіптік бағдар беруші Сердалина Т.Б 11 сынып оқушаларының арасындағы ветеринария мамандығын таңдаған оқушыларды аудандық ветеринариялық станцияға кәсіптік бағдарлау мақсатында апарды. Оқушыларды станциясының директоры Жазитов Қ.З қарсы алып, мекеменің ішіне шолу жасады. Мекеме қызметкерлерінің жұмысы, атқаратын қызметі, міндеттері туралы айтылды. Оқушылар өздерін қызықтыратын сұрақтарды қойды. Осы жерде аудан бойынша үй жануарларына медициналық қызмет көрсетіледі.
«Білгірлер сайысы
2023 жылдың 3 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де Мектеп Президенті Шарбекова Нұрайым және Мектеп Парламент мүшесі Ахметжанов Мадияр ұйымдастыруымен алтыншы сыныптар арасында «Білгірлер сайысы»өтті. Мақсаты:
1. Білімділік: Жан – жақты ой – өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой – қисынын дамыту.
3. Тәрбиелік: Адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.
Сайыс үш кезеңнен өтті.Бірінші кезең логикалық сұрақтарға жауап беру.Екінші кезең мақал-мәтелдерді жалғастыру,үшінші кезең сурет бойынша жағдаят құрастырып,шешімін қарсылас топ шешу.Содан кейін эмодзи арқылы мультфильм атауын анықтау ойыны болды.Балалардың барлығы белсене қатысты.
Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Педагог-Ата-ана-Мектеп» тақырыбында жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Әр отбасының бала тәрбиесіне белсене қатысуының маңызын арттыру, баланың мейірімді сыпайы әдеттерді бойына сіңіріп өсу жолдарын ата-аналармен бірлесе қарастыру, мектеп пен отбасының ынтымақтастығын жүзеге асыру мақсатында 2023 жылдың 1 сәуір күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Педагог-Ата-ана-Мектеп» тақырыбында жаңа форматтағы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыстың бірінші бөлімінде келген ата-аналар тіркеуден өткеннен кейін мектебіміздің мұражайымен, фотокөрме арқылы 3 тоқсанның окү-тәрбие жұмысының нәтижелерімен танысып, мектеп оқушылары дайындаған 3 музыкалық нөмерлерін тамашалады.
Жиналыстың екінші негізгі бөлімінде әрбір ата-анаға әр пән мұғалімімен, сынып жетекшісімен , психолог, әлеуметтік педагог, мектеп әкімшілігімен бетпе-бет кездесіп, 3-тоқсанның қорытындысын білуге, сонымен қатар өз баласының сыныпта да, оқу іс-әрекетінде де күшті және әлсіз жақтарын білуге мүмкіндік берілді.
Жиналыстың сонында әр ата-ана кері байланыс ретінде ұсынылған жапырақтарға жиналыстың өтуі туралы өз пікірлерін жазып, ағаштарға жабыстырып кетті.
"Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шаралар
2023 жылдың 1 сәуір күні кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша әлеуметтік педагог А.Н.Байбулатова, психолог А.М.Жахина, 10-сынып жетекшісі Б.Б.Саденова және ағылшын тіл пән мұғалімі Қ.Д.Қайыржан "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шаралар өткізді. Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.
"Алаш"қозғалысының көшбасшыларының бірі-Мағжан Жұмабаев

Көрнекті жазушы, ақын, публицист, жаңа қазақ әдебиетінің негізін қалаушы және "Алаш"қозғалысының көшбасшыларының бірі-Мағжан Жұмабаев. Мағжан Жұмабаев-біздің өлкеміздің мақтанышы, оны ғасырлар бойы дәріптегендердің бірі.

Осыған байланысты Новоишим қазақ орта мектебінің кітапханасында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған көрме ұйымдастырылды.

Мақсаты: жаңа қазақ әдебиетінің негізін салушы атанған Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау.

"Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасы
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Еңбек- елдің мұраты" арнайы жобасын іске асыру мақсатында 2023 жылдың 29 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ кәсіптік бағдар беруші Т.Б Сердалина 9 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру мақсатында Ғ.Мүсірепов атындағы ауданы Новоишимское ауылының №16 өрт сөндіру бөліміне барды. Ол жерде балаларды қарауыл бастығы Аменкин Е.Е, өрт сөндіруші-құтқарушылар Кушербаев Е.Т, Сайран Б.М, қарсы алды. Балаларға өрт сөндіруші мамандығының маңызы, бөлімге келіп түскен қоңырауды дұрыс қабылдау, өрт сөндіру кезінде қолданылатын ауаға толы болонның маңызы, арнайы киімді тез және дұрыс кию туралы ақпарат берді. Өрт сөндіру автокөлігінің жүргізушісі Калихайдаров Р.А өрт сөндіру көлігінің, апатты жағдайда қолданылатын барлық жерде жүретін «ТРЭКОЛ» автокөлігі жайлы айтып таныстырды. Бұл кездесу балалардың болашақ мамандықтарын дұрыс таңдауға бағыт береді деп сенеміз.
“Мемлекеттік қызмет елдің-мүддесіне адал еңбек”шығарма байқауы
2023 жылдың 27 наурыз күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де
Адал ұрпақ клубының мүшелерінің ұйымдастыруымен “Мемлекеттік қызмет елдің-мүддесіне адал еңбек”шығарма байқауы 5-7 сыныптар арасында өтті.Мақсаты: адам үшін ең ғажабы, ең қымбаты да оның өмірі.Ал, өмір тірегі-жан-жақты жігері мен еліне жасаған адал еңбегі деп білу. Мемлекеттік қызметтің еңбегі тоқыраса, оның тіршілігі де тоқырай бастайтыны сөзсіз. Бұл қызмет –адамға жүктелген міндет.
Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушылары Сарсенбаева АА, Жуманов Р.Ж 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді
2023 жылдың наурыз айында Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау университеті жанындағы көпсалалы колледжінің оқытушылары Сарсенбаева АА, Жуманов Р.Ж 9 сынып оқушыларына кәсіби бағдарлау жұмысын жүргізді. Колледжде төмендегі мамандықтар бойынша білім алуға болады:
- «Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалім»
- «Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі»
- «Шет тілі мұғалімі»
- «Бастауыш және негізгі орта білім берудің информатика мұғалімі»
- «Бухгалтер»
- «Ақпараттық жүйелер технигі»
«Мамандықтар әлемін ашамыз» сайысы
2023 жылы наурыз айының 24 күні «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ 10 сынып оқушылары Ахметова Дильназ бен Байкенова Арина аудандық «Мамандықтар әлемін ашамыз» сайысына қатысты. Сайыстың нәтижесінде Ахметова Дильназ 3 орынға ие болды. Болашақта бұл оқушыларға өздерінің қалаған мамандықтарының есігі айқара ашылуына тілектеспіз.