«Баланың буллингке ұшырағанын қалай білуге болады?» атты ата - аналарға жадынамалар
2022 -2023 оқу жылының 2 жартыжылдығына арналған оқушылар арасында қорлаудың (буллинг) алдын алу жоспары бойынша мамыр айында әлеуметтік педагог А.Н.Байбулатова және мектеп психологы М.А.Берденованың жетекшіліктерімен 2022 -2023 оқу жылының 2 жартыжылдығына арналған оқушылар арасында қорлаудың (буллинг) алдын алу жоспары бойынша мамыр айында әлеуметтік педагог А.Н.Байбулатова және мектеп психологы М.А.Берденованың жетекшіліктерімен «Баланың буллингке ұшырағанын қалай білуге болады?» атты ата - аналарға жадынамалар әзірленіп, жіберілді
"Бір шаңырақ астында" атты аппликация, қол өнер көрмесі
2023 жылдың 24-28 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Бірлігі күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ-де 0-4 сыныптар арасында "Бір шаңырақ астында" атты аппликация, қол өнер көрмесі өткізілді. Мақсаты: оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулу, өзге ұлттардың мәдениетін құрметтеуге тәрбиелеу
«Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты» тақырыбында облыстық семинар
Облыстық ресурстық орталықтар Қауымдастығының қызметі шеңберінде ағымдағы жылдың 28 сәуірінде Новошим қазақ орта мектебінің базасында ресурстық орталықтар мен магниттік мектептердің педагогтарына арналған «Функционалдық сауаттылық – білім беру сапасын арттырудың маңызды шарты» тақырыбында облыстық семинар өткізілді. Семинардың бірінші бөлімінде мектеп, интернат, әкімшілік ғимарат бойынша экскурсия өткізілді, онда интернат тәрбиеленушілері мен ресурстық орталық оқушыларына арналған асхана мен акт залы орналасқан. Семинарға қатысушылар мектептің, интернаттың материалдық-техникалық жабдықталуын және ресурстық орталықтың жұмысын ұйымдастыру және оқушыларды оқыту үшін қолайлы жағдайлар жасалғанын атап өтті.
Семинардың практикалық бөлімінде Ғабит Мүсірепов атындағы ауданның Новоишим қазақ орта мектебі және Калиновка орта мектебінің екі ресурстық орталығының педагогтары өз тәжірибелерімен бөлісті. Новоишим қазақ орта мектебінің мұғалімдері: география-химия пәнінен «Азияның жүрегіндегі Ұлы Дала Елі. Өтпелі металдардың биологиялық рөлі» география пәнінің мұғалімі Т.Ахмет және химия пәнінің мұғалімі М.А.Торегельды; физика-информатика пәні бойынша «Толық ішкі рефлексия. Семинар. Алгоритмдерді бағдарламалау» физика пәнінің мұғалімі К.К.Жумагалиев және информатика пәнінің мұғалімі А.Б.Закирьянов; математика пәнінің мұғалімі А.К.Нугуманова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж.Н.Рамазанова, бастауыш сынып мұғалімдері К.Ж.Нурахметова және М.Е.Ильясова, тарих және география, қазақ тілі, бастауыш сыныптар, математика пәндерінің мұғалімдері шеберлік сыныптарын өткізді. Калиновка орта мектебі мұғалімдері: тарих және құқық негіздері мұғалімі Н.В.Финце, география мұғалімі Н.В.Евич мастер –класстар өткізді.
Магниттік мектептердің оқушыларымен жұмыс тәрбие бағыты бойынша да жүргізілуде: Новоишим қазақ орта мектебі педагог-кәсіби бағдаршысы Т.Б.Сердалина 11 сынып оқушыларымен қызықты квест-ойын өткізді.
Семинарға Қызылжар, Шал ақын, Есіл, Жамбыл, Айыртау, Темірязев, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандардың ресурстық мектептерінің педагогтары қатысты.
Семинар Новоишим қазақ орта мектебі және магниттік Шұқыркөл орта мектебі оқушылары дайындаған рефлексиямен және концертпен аяқталды.
"Дәстүр мен ғұрып" арнайы жобасы
"Рухани жаңғыру" бағдарламасының "Дәстүр мен ғұрып" арнайы жобасын іске асыру мақсатында Бірлік күніне арналған іс- шаралар жоспарына сәйкес 2023 жылдың 26 сәуір күні 5-10 сынып оқушыларының қатысуымен ұлттық тағамдар жәрмеңкесі өтті.
Қазақстан көпұлтты мемлекет. Елімізде мекендеген барлық ұлттар мен ұлыстар бір үйдің баласындай тату өмір сүріп, достықтың үздік үлгісін көрсетіп келеді. Бүгін де сол ұлттық достықтың дастарханы көпшілікке жайылып, мызғымас бірлігіміз одан әрі нығая түсті.
Достық дастарханына украин, татар, өзбек, түрік, неміс және қазақ халқының ерекше дәмді астары түр-түрімен қойылды. Оқушылар ұлттық нақышта киініп, мәдениеті мен салт-дәстүрлерін насихаттады.
Шарамыздың басты мақсаты – оқушыларды әртүрлі халықтардың асымен, мәдениетімен, әдеп-ғұрыптарымен таныстыру және ұлттық бірегейлікті нығайту.
Мектеп оқушыларының жетістіктері
2023 жылдың 24 сәуір күні саптүзеуде салтанатты түрде
- Рузаев ауылында Калинов орта мектебінің базасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеуге арналған «Алау» аудандық мамандандырылған әскери-спорттық ойының женімпаздары марапатталды, олар 9 сынып оқушысы Жылқайдар Шынғыс және 8 ә сынып оқушысы Елемесов Нұрболат .
- Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған Мәдениет үйінің ұйымдастыруымен өткен аудандық "Мағжан жырлары" атты өлең сайысының жеңімпаздары 6 а сынып оқушысы Айтпай Тлеген, 8 а сынып оқушысы Шарбекова Нұрайым, 7 а сынып оқушысы Абдуходжаева Хилала, 4 ә сынып оқушылары Мухтарова Ақбала және Хатран Інжумаржан мадақтамалар мен сыйлықтармен марапатталды.
- Көкшетау қаласында өткен каратэ жарысынан 2 жүлделі орын алған 5 ә сынып оқушылары Ғалий Темирлан және Сабыржан Дария мадақтамамен және медальдармен марапатталды.
Барлық жүлдегерлерге болашақта үлкен белестерді бағындыруға тілектеспіз!
"Туған жердің қадір- қасиеті" атты аудандық көркемөнерпаздар байқауы
Бүгін, яғни 2023 жылдың 24 сәуір күні мәдениет үйінде өткен "Туған жердің қадір- қасиеті" атты аудандық көркемөнерпаздар байқауына белсенді қатысқан келесі әріптестерімізге мектеп әкімшілігі атынан үлкен АЛҒЫСЫМЫЗДЫ білдіреміз:
1.Алгожина А.К
2. Жахина А.М
3. Альмухамбетова Ж.К
4. Аткужина Ж.Н
5.Амангельдиева А.М отбасымен бірге
6.Алимбаева А.М
7. Мукашев М.Е.
Сонымен қатар мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрайымы Искакова Толқын Бегалиқызына және 2 а сынып оқушысы Ғалымжан Дарияға.
"Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шаралар
2023 жылдың 21 сәуір күні кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кесте бойынша әлеуметтік педагог А.Н.Байбулатова, психолог А.М.Жахина, 10-сынып жетекшісі Б.Б.Саденова және ағылшын тіл пән мұғалімі Қ.Д.Қайыржан "Түнгі қаладағы балалар" атты рейдтік іс-шаралар өткізді.Түн ішінде ешқандай құқықбұзушылық анықталмады.
Мектепалды тәжірбие
Аптаның сегізінші күнінде мектепалды даярлық "Ә" сыныпта Математика негіздері пәнінен Нурумова Замзагуль Алтаевна өзінің тәрбиеленушілерімен ұйымдастырылған оқу қызметін мектеп ұжымы мен шағын орталық тәрбиешілеріне ұсынды. Ұйымдастырылған оқу қызметінде әртүрлі әдіс-тәсілдер мен дидактикалық ойындарды қолданып жүргізді.
Іс-әрекетте қойылған мақсатқа тәрбиеленушілер нәтижеге жетті.
Рузаев ауылында Калинов орта мектебінің базасында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мектептерінің оқушалары арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеуге арналған «Алау» аудандық мамандандырылған әскери-спорттық ойыны
2023 жылдың 21 сәуір күні Рузаев ауылында Калинов орта мектебінің базасында Ғабит Мүсірепов атындағы аудан мектептерінің оқушалары арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңісті мерекелеуге арналған «Алау» аудандық мамандандырылған әскери-спорттық ойыны өтті. Жеке біріншілік 7 тәртіп бойынша өтті: АК-74 уақытқа бөлшектеу және құрастыру, ЖӘҚК кию,газтұмылдырық кию, күштік гимнастика, 10*10 м жүгіру, нысанаға граната лақтыру, кросс (1000 м қыздар, 2000 м ұлдар). Жарыс қорытындысы бойынша АӘТД пәнінің педагог-ұйымдастырушысы Еслямов Р.Е.жетекшілігімен қатысқан біздің оқушылар жүлделі орындарға ие болды.
Новоишим қазақ орта мектебі жанындағы "Қызылжар " шағын орталығы мен мектепалды даярлық сыныпта "Ашық есік" күні өткізілді
Бүгін сәуірдің 20 жұлдызында Новоишим қазақ орта мектебі жанындағы "Қызылжар " шағын орталығы мен мектепалды даярлық сыныпта "Ашық есік" күні өткізілді. Іс-шарада ата-аналармен "Тәрбиешінің бір күні" акциясын жүріп даярлық"А" сыныптың ата-аналары ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізді. "Жұлдыз" ересек тобының тәрбиешісі Байгазина Жайнагүл Төлеуханқызы ата-аналарға ашық ұйымдастырылған оқу қызметін ұсынып тәрбиеленушілердің мектепке дайындығының көрсетті. Іс -шара соңында дене шынықтыру нұсқаушысы Узаков Ескен ата-аналар мен балалар арасында спорттық шара ұйымдастырып балалардың көңілдері бір көтеріп қалды.
"Мен үйрете аламын" шебер - сынып
Апталық аясында "Мен үйрете аламын" шебер - сынып спикер Нургалиева Назым Амандыковна. Жылдар бойы жинаған дидактикалық ойындарымен әріптестерімен бөлісіп, талқылады. Соңында әр топ тәрбиешілеріне өзінің материалдарынан кішігірім сыйлығымен бөлісті.
Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мағжан жырлары» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Ұлы даланың ұлы есімдері» арнайы жобасын іске асыру мақсатында , «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында 2023 жылдың 18 сәуір күні Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған «Мағжан жырлары» атты мектепішілік мәнерлеп оқу байқауы өтті. Мақсаты: оқушылар арасында кітап оқуды насихаттау, оқырмандық қөзқарасын кеңейту, өскелен ұрпақтың шығармашылық және зияткерлік қабілетін дамыту.
Нәтижесінде 7-10 жас аралығында
1 орын – 4 ә сынып оқушысы Хатран Інжумаржан / жетекшісі Ильясова М.Е./
2 орын- 4 ә сынып оқушысы Мухтарова Ақбала / жетекшісі Ильясова М.Е./
11-17 жас аралығында:
1 орын- 8 а сынып оқушысы Шарбекова Нұрайым /жетекшісі Амангельдиева А.М./
2 орын – 6 а сынып оқушысы Айтпай Тлеген/ жетекшісі Мукашев М.Е./
2 орын- 9 а сынып оқушысы Болатова Анель / жетекшісі Рамазанова Б.Н./
3 орын – 7 а сынып оқушысы Абдуходжаева Хилала/ жетекшісі Жолдаспаева Г.М./