Меню KDT
Edumy - LMS Online Education Course & School HTML Template
14.png?_=1
СОШ №17"

Новости

Главная Новости

«Оқуға құштар мектеп»

#Оқуғақұштармектеп

2024 жылдың 18 қыркүйегінде «Новоишим қазақ орта мектебі» КММ-де «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өтетін 20 минуттық кітап оқу оқушыларымызға берілген тамаша мүмкіндік. Соған орай мектебімізде  кітап оқу сағаты жалғасуда.

Мақсты: Көркем әдебиеттерге деген оқушылардың қызығушылығын арттыру, оқырмандарды машықтандыру,тәрбиелеу,кітаптарға қызықтыра білуге үйрету, ұлттық тәрбиеге баулу.

"Кітап дегеніміз - қоғам. Жақсы кітап жақсы қоғам тәрізді сезім мен санаңды нұрландырады, көркейтеді. Кітап оқу адамның рухани дамуына үлкен әсер етеді. Тұрақты түрде кітап оқудың тағы да бір пайдасы: оқушылардың сөздік қоры артады. Өйткені, кітаптың беттерінде күнделікті өмірде қолданылмайтын сөздер кездеседі. Кітап – адамзат баласының баға жетпес асыл құндылығы. Білім мен мәдениеттің биік белестеріне жетелейтін – тәрбие құралы.

“Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы

2024 жылдың 12 қыркүйек күні “Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы өтті. Күн тәртібінде келесі сұрақтар қарастырылды:
I. 2024-2025 оқу жылында білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері. /ТІО Амиржанова Б.К./
1) Мектептің ішкі тәртіп ережелері.
2) Біртұтас тәрбие бағдарламасының іске асырылуы туралы.
3) Қауіпсіздік сабақтары туралы
4) Ата-аналарға педагогикалық қолдау орталығының қызметін ұйымдастыру
II. Мерекелерді ұйымдастыру тәртібі туралы / Төрегелді М.А./
III.Әр-түрлі ұйымдастырушы сұрақтар
Нәтижесінде қорытындылар жасалып, ұсыныстар берілді.

Жас ата-анаға кеңес айдары

Жас ата-анаға кеңес айдары
Баланың қауіпсіздігі: Үйде электр қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігіне ерекше назар аударыңыз. Розеткаларды жабатын қақпақтар қолданыңыз және қауіпті заттарды балалардың қолы жетпейтін жерге қойыңыз.
Тәртіп пен тұрақтылық: Балаларға тұрақты күн тәртібін орнату маңызды. Бұл олардың қауіпсіздік сезімін арттырады және тәртіпке үйретеді.
Сүйіспеншілік пен қолдау: Балаларыңызға сүйіспеншілік пен қолдау көрсетіңіз. Олардың жетістіктерін мадақтап, қиындықтарда қолдау көрсетіңіз.
Денсаулық пен тамақтану: Балаларыңыздың дұрыс тамақтануын қадағалаңыз және денсаулықтарын бақылаңыз. Дұрыс тамақтану мен дене шынықтыру олардың дамуына оң әсер етеді.
Ойын мен білім: Балаларға ойын арқылы білім беру маңызды. Ойындар арқылы олар жаңа дағдыларды үйреніп, әлемді таниды.
Сабырлық пен түсіністік: Балалармен қарым-қатынаста сабырлы және түсінікті болыңыз. Олардың сезімдерін тыңдап, түсінуге тырысыңыз.

" Отбасым- қорғаным, ата- анам- тірегім

#біртұтас_тәрбие
2024 жылдың 9 қыркүйек күні "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- де 1-11 сыныптарда " Отбасым- қорғаным, ата- анам- тірегім" тақырыбында сынып сағаттары өтті.
Мақсаты: Отбасы - Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, жанұядағы сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа,ынтымақ пен бірлікке, татулық пен ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Тоғызқұмалақ күні

#біртұтас_тәрбие
#тоғызқұмалақ
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 2024 жылдың 9 қыркүйек күні Тоғызқұмалақ күні аясында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ- нің оқушылары мен ұстаздары дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен тоғызқұмалақ ойынына белсене қатысты.

АТА- АНАЛАРҒА «МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» туралы.

АТА- АНАЛАРҒА «МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» туралы.

2024-2025 оқу жылында білім беру ұйымдарында 1-11-сынып оқушыларының мектеп формасы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасы туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы № 534 бұйрығының негізінде мектеп оқытудың зайырлы сипатына сәйкес:

✅1)Ұлдардың формасы: қара-көк түсті (темно-синий) пиджак, жилет, шалбар, күнделікті ақ жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет). Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет;

✅2) Қыздардың мектеп формасы: қара көк түсті (темно—синий) пиджак, жилет, қара-көк түсті белдемше (юбка, ұзындығы тізеден төмен болу керек), классикалық ақ жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұруы қажет.

✅3) Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық қара шалбар, куртка, ақ футболка), спорттық аяқ киімнен (кроссовки, кеды) тұрады.

✅4)Мектеп формасына түрлі ❌ діни аксессуарлар, джинсы, слакси шалбарлар, тениска, футболка, қысқа, тор, кожа юбкалар сияқты қатысты киім элементтерін қосуға болмайды ❌❌❌

Жазғы мектеп жоспарына сай бастауыш сынып оқушыларына Жазғы мектеп жұмыс жоспары бойынша пикник ұйымдастырылды.

«Жазғы мектеп» жоспарына сай 29 мамыр күні бастауыш сынып оқушыларына  Жазғы мектеп  жұмыс жоспары бойынша  пикник ұйымдастырылды.

Мақсаты: Оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтарын кеңейту, табиғатты қорғауға, экологиялық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылды. Оқушылар таза ауада, жақсы демалып уйлеріне жақсы көңіл күйлерімен қайтты.

31- мамыр күні 11- сынып оқушылары алгебра пәнінен мемлеттік емтихан тапсырды.

31- мамыр күні 11- сынып оқушылары алгебра пәнінен мемлеттік емтихан тапсырды. Білім алушылар емтиханды сәтті тапсырып шықты. Екі үздік аттестат иегерлері мұғалім еңбегі мен ата-ана үмітін  өз бағаларымен дәлелдеді.

Жазғы мектеп жоспарына сай ағылшын тілі мұғалімі Смагулова А. Т. 5-6 сынып оқушыларымен бірге «Sport» тақырыбының бөлімін қайталау барысында ойын ретінде өткізді.

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ Жазғы мектеп жоспарына сай ағылшын тілі мұғалімі Смагулова А. Т. 5-6 сынып оқушыларымен бірге «Sport» тақырыбының бөлімін қайталау барысында ойын ретінде өткізді. Оқушылар тақырып бойынша сөздік қорларын кеңейтіп, іс әрекет жасап, сабаққа деген қызығушылықтарын танытты

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ «Жазғы мектеп» жоспарына сай математика пән мұғалімдері Г.А Алгожина мен А.Р. Идрисова 8- сынып оқушыларымен квест ойынын өткізді.

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ «Жазғы мектеп» жоспарына сай математика пән мұғалімдері Г.А Алгожина мен А.Р. Идрисова 8- сынып оқушыларымен квест ойынын өткізді. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және математикаға қызығушылықтарын арттыру.

2024 жылдың 29 мамыр күні 9-сыныптар негізгі орта білім беру деңгейін аяқтау үшін алғашқы мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырды

2024 жылдың 29 мамыр күні 9-сыныптар негізгі орта білім беру деңгейін аяқтау үшін алғашқы мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын сағат 10:00 де бастады. Емтихан қазақ тілінен жазбаша (эссе) түрінде жүргізілді. 9- сыныптарда барлығы 37 білім алушы, оның ішінде үздік аттестатқа үміткерлер саны-5

Жазғы демалыс қауіпсіздік ережелері

🌞 Жаз – балалар мен олардың ата-аналарының асыға күтетін жыл мезгілі. Құрметті ата - аналар! Жазғы демалысты қызықты өткізуде қауіпсіздік ережелерін сақтауды да жадыңыздан шығармаған абзал. Осы мақсатта жаз мезгілінде балалардың суға шомылу, орманға бару немесе қалада саяхаттау кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтауы бойынша жадынамамен таныс болыңыздар!

Категории

• Нет доступных категорий

Недавние Новости

7.jpg
«Оқуға құштар мектеп»
18.09.2024
7.jpg
“Новоишим қазақ орта мектебі” КММ-де сынып жетекшілердің әдістемелік отырысы
17.09.2024
7.jpg
Жас ата-анаға кеңес айдары
11.09.2024
7.jpg
" Отбасым- қорғаным, ата- анам- тірегім
09.09.2024
7.jpg
Тоғызқұмалақ күні
09.09.2024
7.jpg
АТА- АНАЛАРҒА «МЕКТЕП ФОРМАСЫНА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР» туралы.
06.09.2024
7.jpg
Жазғы мектеп жоспарына сай бастауыш сынып оқушыларына Жазғы мектеп жұмыс жоспары бойынша пикник ұйымдастырылды.
29.06.2024
7.jpg
31- мамыр күні 11- сынып оқушылары алгебра пәнінен мемлеттік емтихан тапсырды.
31.05.2024
7.jpg
Жазғы мектеп жоспарына сай ағылшын тілі мұғалімі Смагулова А. Т. 5-6 сынып оқушыларымен бірге «Sport» тақырыбының бөлімін қайталау барысында ойын ретінде өткізді.
30.05.2024
7.jpg
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ «Жазғы мектеп» жоспарына сай математика пән мұғалімдері Г.А Алгожина мен А.Р. Идрисова 8- сынып оқушыларымен квест ойынын өткізді.
30.05.2024
7.jpg
2024 жылдың 29 мамыр күні 9-сыныптар негізгі орта білім беру деңгейін аяқтау үшін алғашқы мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырды
29.05.2024
7.jpg
Жазғы демалыс қауіпсіздік ережелері
29.05.2024