«Мектепке дейінгі және бастауыш мектептегі тәрбие мен оқытудың сабақтастығы-дамудың негізгі бағыттары»
МДҰ педагогтары мен бастауыш сынып мұғалімдері үшін сабақтастық бойынша бірыңғай ашық есік күні
"Таза Қазақстан" жобасының мақсаттарына қол жеткізу.
20 қыркүйекте "Новишим қазақ орта мектебінің" ұстаздар ұжымы республикалық "Таза Қазақстан" жобасы аясында республикалық сенбілікке шықты.
Республикалық «Ақберен» өнер байқауы.
2025 жылдың 19 қыркүйегінде аудандық 8-11 сынып оқушылары арасында.
Адал азамат
Ата ана жиналысы.
ППҚҚ (психологиялық-педагогикалық қолдау қызметі)
Мектеп психологтары М.А.Берденова мен Т.Б.Сердалина 1-11 сыныптардың ата-аналар жиналысы.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауы
2025 жылдың 8 қыркүйегіндегі Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына жолдауына пікір.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында өскелең ұрпақтың бақытты, берекелі өмір сүруі-баршаға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет екенін атап көрсетті.
Мемлекет басшысы жасанды интеллектінің қарқынды дамуы тек экономикада ғана емес, халықтың, әсіресе, жастардың мінез-құлқы мен болмыс-бітіміне оң әсер етіп жатқандығына тоқталып, Қазақстан үш жыл ішінде міндетті түрде жаппай цифрлық ел болуы керектігіне басты назарды аударды.
«Үкімет экономиканың барлық саласын жаңғырту үшін жаппай жасанды интеллектіні енгізу қажет. Қазақстанды бәсекеге қабілетті ел ретінде дамытамыз десек, жұмысымызды жаңаша тәсілмен жүргізуіміз керек»,-деді.
Жасанды интеллектіні тиімді қолдану-білім беру, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп салаларында жаңа деңгейге шығуға мүмкіндік береді. Жолдаудың әр сөзі халыққа керекті мәселелерді қамтиды. Еліміздің тағдыры – біздің тағдырымыз, еңсесі биік, тұтқасы берік еліміздің алға қойған мақсаттары айқын екені қуантады.

"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ нің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Рамазанова Женя Нургазиевна.

Дене жаттығуы
Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында күнделікті
дене жаттығуын тұрақты түрде жүргізу арқылы оқушылардың
денсаулығын сақтаудың тиімді тәсілін қалыптастыру, олардың оқу
белсенділігін арттыру және салауатты өмір салтын насихаттау
мәдениетін дамыту мақсатында "Новоишим қазақ орта мектебі" КММ де 1-11 сыныптар арасында дене шынықтыру пәні мұғалімі Коккыз Хайрат пен Сердалин Р.Е сергіту сәтін өткізді.
Мектеп кестесіне динамикалық дене жаттығуын енгізу,
оқушыларда дене белсенділігіне саналы қажеттілік қалыптастыру мақсатында сынып жетекшілер мен мектеп ұстаздары сергіту сәтіне белсенді қатысты.
«Менің Отаным – Қазақстан»
Жаңа оқу жылының басталуы "Новоишим қазақ орта мектебі"КММ нің оқушылары үшін біріңғай сынып сағатымен басталды. «Менің Отаным – Қазақстан» тақырыбындағы сынып сағаты Қазақстанның тарихы, мәдениеті, табиғаты, экономикалық жетістіктері және болашағы туралы ақпарат беру арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Сағат барысында оқушылар өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттырып, Қазақстанның дамуы мен болашағына сеніммен қарайтын азамат ретінде қалыптасуға ұмтылады.
"Мектебім - мейірім мекені"
"Новоишим қазақ орта мектебі" КММ де "Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында 1 қыркүйек - Білім күніне арналған алғашқы қоңырау салтанатты жиыны өтті. Мерекелік іс-шарада Қазақстан Республикасының Туы салтанатты түрде көтеріліп, мемлекеттік әнұран шырқалды.Мектеп оқушылары мен ұстаздар қауымын мектеп директоры Баймагамбетова Балжан Шәріпқызы жаңа оқу жылының салтанатты түрде ашылуымен құттықтады. 2025-2026 ж. Оқу жылының ашылу салтанатында алғаш рет мектеп табалдырығын аттағалы отырған жас өрендерді, ата-аналар мен ұстаздарды құттықтауға аудандық полиция бөлімінің басшысы подполковник Харипов М. Е., аудандық білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Жаманбаева Р.Қ., ауданымыздың құрметті азаматы, ұлағатты ұстаз Тайшабаева А.Ж. арнайы қатысып, құттықтау сөздерін жеткізді.
"Тапқыр болсаң тауып көр" атты викториналық ойын

#жазғы_лагерь2025

2025 жылдың 26 маусым күні "Қарлығаш"лагерінде таңғы бой жазу жаттығуларынан кейін кітапханада Г.К.Баймульдинаның ұйымдастыруымен "Тапқыр болсаң тауып көр" атты викториналық ойын өтті. Қазақ ертегілерінде үнемі кездесетін үш батыр кім? Қай жануар өз үйін арқалап жүреді? "Әліппе" оқулығы қандай пәнге арналған? т.с.с тапсырма мен қатар сұрақтарға жауап беріліп, ертегі көрсетілді.Балалар жазушыларының көңілді демалыс туралы ән, жыр, тақпақ, өлеңдерін мәнерлеп, нақышына келтіріп, айтуға жаттықтырылды.Сонымен қатар балалар қысқа өлең жолдарын кезекпен жұптасып, «Мнемотехника» әдісі бойынша жарысып оқыды.

«Алтын белгі» төсбелгісі мен үздік аттестатқа ие болған 2025 жылғы түлектер

2025 жылдың 23 маусым күні аудандық мәдениет үйінде «Алтын белгі» төсбелгісі мен үздік аттестатқа ие болған 2025 жылғы түлектерге құрмет көрсетуге арналған салтанатты іс-шара өтті. Бұл шараға аудан мектептерінің үздік оқушылары, олардың ата-аналары, ұстаздары мен қоғам өкілдері жиналды.

Аталмыш іс-шарада аудан әкімі Руслан Әкімжанұлы Анбаев құттықтау сөз сөйледі. Өнерлі жастарды тәрбиелеу мен оқытуға қосқан үлестері үшін ұстаздар мен ата-аналарға алғысын білдіріп, түлектердің жетістіктері бүкіл ауданның мақтанышы екенін атап өтті.Сіздер еліміздің болашағысыздар. Сіздердің білімдеріңіз, дамуға деген талпыныстарыңыз және белсенді өмірлік ұстанымдарыңыз табысқа жетудің берік іргетасы», - деді Руслан Әкімжанұлы өз сөзінде.

Салтанатты іс-шара жылы әрі шабыттандыратын атмосферада өтті. Үздік түлектерге естелік кітаптар сыйға тартылды. Новоишим қазақ орта мектебінің 11 сынып оқушысы, үздік аттестат иегері Байтас Мирас естелік кітапқа ие болса, ата-анасы Дүйсенбин Ерболат Байтасұлына аудан әкімінің Алғыс хаты табыс етілді. Сонымен қатар Байтас Мирас білім нәрімен сусындаған ұстаздарына, тәрбие беріп, ұдайы қолдау көрсеткені үшін ата- анасына биік сахнадан үлкен алғысын білдірді. Іс-шара концерттік бағдарламамен аяқталып, мерекенің көркіне ерекше мерекелік сән қосты.

«Келешек мектептері» жобасы
🏫 «Келешек мектептері» жобасы аясында 2025–2026 оқу жылында 200 мыңнан астам оқушы орны пайдалануға беріледі

✍ Елімізде Мемлекет басшысының бастамасымен «Келешек мектептері» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орны ашылады.

📑 2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп салынды. Ал 2025 жылдың соңына дейін тағы 112 мектеп пайдалануға беріледі. Осылайша, жаңа оқу жылында қосымша 206 мың оқушы орны беріледі.

✔ Аталған жоба аясында салынған мектептер бұрынғы типтік мектептерден едәуір ерекшеленеді. Олардың жалпы аумағы 15–20%-ға үлкен, ал техникалық жабдықталу деңгейі төрт есе жоғары. Әр мектепте робототехника кабинеттері, STEM-зертханалар, хореография залдары, коворкинг аймақтары мен төрт спорт залға дейін қарастырылған.

🔹 Ұлттық жоба аясында барлығы 460 мың оқушы орнына арналған 217 мектеп салу жоспарланған.